Аймақтар • Бүгін, 17:42

Жалпыұлттық коалиция мүшелері Ақтөбе облысы тұрғындарымен кездесті

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин бастаған «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалиция мүшелері Ақтөбе облысына келді. Олар ең алдымен «Өнер» орталығында жиналған қоғам қайраткерлерімен, еңбек ардагерлерімен, мәслихат депутаттары және қоғамдық кеңес мүшелері, білім беру, денсаулық сақтау, спорт, бизнес қауымдастық өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жалпыұлттық коалиция мүшелері Ақтөбе облысы тұрғындарымен кездесті

«Жаңа Конституция жобасында адам капиталын, білім беру ісін, ғылым мен инновацияларды дамыту мәселесі негізгі стратегиялық басымдықтар ретінде айқындалды. Осылайша жаңа Конституция мемлекет дамуына тың серпін береді. Жаңа Конституцияның мәні мен маңызы – оның еліміздегі барша азаматтың, барлық әлеуметтік және кәсіби топ өкілдерінің мүддесі мен сұранысын қамтуында», деді Ерлан Қарин.

Маңғыстау мұнайшылары жаңа Конституцияны қолдайды

Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Ата заң жобасында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдігін күшейту және тәуелсіз адвокаттардың рөлін арттыруға ерекше мән берілгендігін көрсетті. Жиынға басшылық еткен облыс әкімі Асхат Шахаров жаңа Конституцияның мемлекет дамуы мен қоғам тұрақтылығын нығайтудағы маңыздылығы туралы айта келіп, өңірде экономиканы әртараптандыру, инвестициялық белсенділікті күшейту, жаңа жұмыс орындарын ашу мен тұрғындардың әл-ауқатын арттыру мақсатында көптеген жұмыстар қолға алынатындығын айтып өтті.

Жаңа Ата заңда «адам» сөзі 76 рет кездеседі: Ерлан Қарин жаңа Конституция жобасының басты ерекшелігін атады

Осыдан кейін  жалпыұлттық коалиция мүшелері Ақтөбе рельс-арқалық зауытында теміржолшылармен кездесіп,  өндіріс алаңдарын аралады.

ррр

Конституцияда адам капиталы – негізгі басымдық

Ақтөбе облысы

Соңғы жаңалықтар